Осы жылдың 17 тамызында «Спорт»және «Волонтерлік» бағыты аясында жоба қатысушыларына арнап «Алматы Марафоны» директоры Салтанат Казыбаевамен кездесу ұйымдастырылды.
Салтанат өмірлік іс-тәжірибесі мен жетістікке жетудегі тарихи тағылымды өмір жолынан сыр шертті. Спорттың жеке өмірің мен мансабыңды құрудағы жолдардың бірі және бірегейі екендігін атап өтті.
Қатысушылар тарапынан волонтерлік және «Бірінші болуға батылдық» атты қайырымдылық қоры жөнінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, марафонға дайындықты қалай бастау керектігін айтты.
Кездесу барысында ең басты және ең негізгі тұжырымды—пайымдаулар:
1. Сіздің жеке қалауыңыз бен мотивацияңыз. Сіз жүрген жолмен басқалардың жүрмесі анық. Сіздің нәтижеңіз — жауапкершілігіңіздің шынайы көрсеткіші.
2 . Бұл дегеніміз — ретке келтірілген күн тәртібі мен өзін-өзі тәрбиелеуге бастайтын даңғыл жолдың ашылуы. Есіңізде болсын: спортпен шұғылдануда (ұйқы, уақытты босқа өткізу) секілді қасиеттерді құрбандыққа шалуды талап етеді.
3. Өзіңізге әрдайым қамқорлық жасаңыз. Бәріне бір уақытта қол жеткіземін деуге болмайды. Ағзаңызды демалдырып, тынығуға уақыт табыңыз.
Жан-дүниеңіздің ішкі сырына құлақ түріңіз.
4. Мақсаттарыңыздың үйлесімді болуын қадағалаңыз. 42 км қашықтықты екі айда жүгіріп өтем деген мақсаттан аулақ болыңыз. Барынша азғантайдан (3-5 км) бастап, денеге күш түсірмейтін, жігеріңді жасытпайтындай жүктемені бірте-бірте арттырып отыру керек.
5. Жүгіру жаттығуларының тиімді, әрі қауіпсіз болуы үшін (кәсіби жаттықтырушылармен тегін жаттықтыратын қауымдастығы) бар жерлерде арнайы жаттықтырушылармен бірге жаттыққан жөн.
Үстіңізде міндетті түрде жаттығуға ыңғайлы киім мен арнайы аяқ киімнің болғаны дұрыс.
Бұл кездесу шабыт пен жігер сыйлайтын кездесу болды. Уақытын бөліп, пайдалы кеңестер айтқаны үшін Салтанатқа Алғыс білдіреміз!
Ал, қатысушыларға алға қойған мақсаттарына жетуде сәттілік тілейміз!